Келісім бойынша, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жыл сайын өтетін халықаралық турнирге қатысады.
Алдағы төрт жылда «Төрт ұлт турнирі» төмендегі елдерде өтеді:
2019 жыл, желтоқсан – Латвия;
2020 жыл, желтоқсан – Дания;
2021 жыл, желтоқсан – Беларусь;
2022 жыл, желтоқсан – Қазақстан.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында Латвияда өткен «Төрт ұлт турниріне» Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатысқан болатын.